Досмағамбетова Жамиля Жамбылқызы, жоғары педагогикалық және жоғары экономикалық білімі бар. 1994 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Шет тілдері», осыдан кейін 2009 жылы «Бағалау» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, оның ішінде 24 жыл, басшылық лауазымдарда (оқытушы, кафедра меңгерушісі, ОӘЖ проректоры, қашықтықтан білім беру технологиялары орталығының директоры, колледж директоры, Бас директордың орынбасары, ОТЖ проректоры) әлеуметтік салада (білім және мәдениет). Жамиля Жамбылқызы өзінің бүкіл мансабында үздіксіз оқыту мен кәсіби дамуға деген адалдығын көрсетіп, Еуропаның беделді оқу орындарынан тағылымдамадан өтті, Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындап өз тәжірибесін одан әрі кеңейте түсті. Шетел тілдерін меңгерген. ҚР БжЖҒМ өкілі ретінде МАБ және ҰБТ ұйымдастыруға және өткізуге қатысты (2007, 2008жж.). ҚР Мәдениет және спорт министрінің, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректорының, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректорының ұсынымдары бар. «Ы. Алтынсарин» (2015ж.), ҚР БжЖҒМ Білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасы» (2017ж), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (2022ж) марапатталған. 45 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, ҚР БжЖҒМ ұсынған журналдарда 20 мақаланың, 80 (Q1) процентилі бар Scopus журналдарында 2 мақаланың авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемл.универcитеті
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
01.08.2021
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Ы.Алтынсарин төсбелгісі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
Қызығушылығы